Елімізде техникалық байқау шарттарын бұзғандарға айыппұл өседі
Елде техникалық байқау шарттарын сақтамаған көліктерге салынатын айыппұл көлемі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Депутаттың айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жаңа түзетулер енгізіледі. Шағын кәсіпорындарға салынатын айыппұл 5 есеге өседі. Олар осыған дейін 37 мың теңге төлесе, енді бұл сома 184600 теңгеге жетуі мүмкін. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 258 мың теңге салынса, ірі кәсіп иелері 369 мың теңге айыппұл арқалайды. Ал техникалық байқау шарттары өрескел бұзылған жағдайда тексеру станциясы толығымен жабылуы мүмкін. Айта кетейік, жыл басынан бері жол-көлік апаты салдарынан 16 мыңнан аса адам зардап шегіп, 1300-ден аса адам қаза тапқан.