Депутаттар: Қоқыс өңдеуші компанияларды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет
Тұрмыстық қатты қалдық өңдеуші компанияларды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет. Сенат депутаттары Үкіметтен осыны талап етіп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Бекболат Орынбековтың айтуынша, қоқысты кәдеге жарата алмай отырмыз. Тіпті оны тазарту мен көму ісі де ақсап тұр. Бұған сапасыз инфрақұрылым мен ынталандыру шараларының болмауы себеп. Депутат жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жағдайға алаңдаулы. Қазір аудандық деңгейде тазалықты бақылайтын мемлекеттік орган да қалмағанын алға тартып, сала серпілісіне қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қалдықтарды сұрыптау және өңдеу зауыттарын субсидиялау, қоқыс өңдеу зауыттарының инвестициялық шығындарын 25-30%-ін өтеу. Қайта өңделген қалдықдардың көлемін ішінара субсидиялауды. Пластикалық ыдыстарды қабылдау пунктерін қарастыру.