АЭС: Халықтық штаб өкілдері атыраулықтармен кездесті
Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Атырау тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Мұнайлы өңірде ғылыми қауымдастықпен, жылу электр орталығының қызметкерлерімен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен жүздесті. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде оқытушылармен және өңірдегі жоғары оқу орындарының жас ғалымдармен кездесулер ұйымдастырылды. Штаб өкілдері ғылымды дамыту және ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
- Жалпы Атырау өңіріне келген себебіміз – осы энергетика саласындағы жаңалықтармен халықты таныстыру. Ол кісілердің де ой-пікірін тыңдап, ой бөлісу. 6 қазанда азаматтар өздері шешім қабылдай жатар. Біздің мақсатымыз – осы азаматтардың көңіл-күйін білу, солармен етене қарым-қатынас жасап өз жетістіктерімізбен бөлісу.