Саран қаласында жылу орталығының құрылысы аяқталды
Қарағанды облысының Саран қаласында көптеп күткен жылу орталығының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Оның жұмысы сынақтан сәтті өтті. Енді қаланың 80%-і осы орталық арқылы жылытылады. Бұған дейін аулаларда автономды қазандықтарда от жағылған болатын.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Жаңа жылу орталығында 4 қазандық бар. Әрбірі сағатына 30 г/кл жылу өндіреді. Қаланы толық қамту үшін 2 қазандық жетіп жатыр. Қалғаны қосымша тұрады. Заманауи үлгіде салынған энергия орталық жұмысы отынды көп қажет етпейді. Энергия шығыны да аз. «Осыған байланысты тариф те қымбат болмайды», - дейді Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов.
Еркін Баулықов, Саран қаласының әкімі:
- 28 тамыз күні бірінші рет жақтық қазандықты. Барлық 4 қазандықты жағып шықтық. Қазіргі таңда 2 сағат бойы істеп жүр. Енді ары қарай 1 қазанға дейін тәуліктік режмге шығамыз. Қазіргі таңда қаланың 80%-і жылу маусымына дайын бізде.
Жылу орталығында бірнеше ауысыммен 70 адам еңбек етеді. Жабдықтары түгел автоматтандырылған. Жұмысшылар оны меңгеру үшін арнайы оқу курстарынан өтті. Асылбек Төкенов әу баста орталықтың құрылысына қатысқан. Кейін оқуға барып, осында жұмысқа тұрыпты.
Асылбек Төкенов, жылу орталығының шебері:
- Жұмыскерлерімізді осы Саран қаласынан, Дубовкадан, Шахтинск қаласынан алдық. Мынау қазандықтарды ресейлік компания қойған. Солар өздері оқытты.
Орталық 264 көпқабатты үйден бөлек 46 әлеуметтік нысанды жылытады. Қала әкімдігі бұрынғы 21 автономды қазандықты да қосымша дайындап қойды. Соның 5-еуі қыста орталық жылу жүйесіне қосылмаған 60 үйді жылытатын болады. Саран қаласында 30 мың тұрғын бар. Жалпы облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық күшейтілген.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар