СҚО-да орақ науқаны кезінде 46 элеватор жұмыс істейді
Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны кезінде 46 элеватор жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.
Олардың жалпы сыйымдылығы 3 миллион тоннадан асады. Биыл бидайды сақтап кептіруге Үкіметтен арзан бағада қосымша жанар-жағармай бөлінді. Одан бөлек кейбір шаруашылықтарда жеке астық қабылдау орны бар. Өңірде күзгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Қазір облыс бойынша 3 миллион тоннаға жуық өнім жиналды. Егіс алқаптарында 7 мың комбайн жүр.
Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ Егіншілік департаментінің бас сарапшысы:
- СҚО-ның енді анау жалпы қуаттылығы – 6,9 млн. Ол мынау кіші шаруашылықтарды қосқан кездегі жалпы осы 6,9 млн тоннаны сақтауға, сонымен қатар қабылдауға мүмкіндігі бар. Облыс әкімдіктерінде сол астық қабылдау кәсіпорындарының тәулік бойы деп айтамыз ғой, күні бойы жұмыс жасауына және тарифтерінің өспеуіне тиісті тапсырмалар берілді.