Түркістан облысында «Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығулары аяқталды

Іс-шараға 6 елден 400-ден аса әскери қызметкер қатысқан, деп хабарлайды 24kz.

Олар бірлесе әрекет етудің жоғары деңгейін көрсетіп, кез келген сын-тегеурін мен қауіп-қатерлерге төтеп беруге дайын екендерін дәлелдеді. Көпұлтты оқу-жаттығуды ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан қарулы күштері мен Қазақстан күштік құрылымдары қолбасшылығының өкілдері бақылады. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша үздік жауынгерлерді марапаттау рәсімі өтті. Ал еліміздің Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысушыларды арнайы операцияның сәтті аяқталуымен құттықтады. Ведомсто басшысы «бірлескен операцияны жүргізу әскери контингенттердің үйлесімді әрі тиімді әрекет етуге дайындығын көрсетті», деді