Биыл елге 14 256 адам көшіп келді
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, биылғы жарты жылда елге 14 256 адам келген.
Бұл былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. Ал 6 967 адам елден кеткен. 2023 жылғы жартыжылдықпен салыстырғанда, кеткендер саны 0,4 пайызға кеміген. Осылайша елдегі көші-қон айырымы 7 289 адам. Яғни кеткендерден келгендер көп. Жалпы елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада жүреді. ТМД-дан келгендер үлесі 78,2 пайыз, ал осы ТМД елдеріне кеткендер үлесі 77 пайызға тең.