Елордадағы жәрмеңкеге 400 тонна азық-түлік жеткізіледі

Ертең елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Астанадағы алғашқы жәрмеңке «Қазанат» атшабарына қарсы алаңда, Қарқаралы тас жолының бойында ұйымдастырылады. Өңірлер шеруін Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстары бастайды.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеде 125 тонна ет, 250 тонна көкөніс пен жеміс-жидек сөреге шығарылады. Сондай-ақ жәрмеңкеде сүт өнімдерін, балық пен жұмыртқа, басқа да азық-түлікті арзанға сатып алуға болады. Жалпы осы жолы Елордаға 400 тонна азық-түлік жеткізіледі. Күзгі жәрмеңкелер азық-түлік бағасын тұрақтандыруға оң әсер етеді.