Отандық техника өндіруші Моңғолия нарығына шығуға дайын
Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші Моңғолия нарығына шығуға дайын. Бұл туралы Серік Жұманғариннің Солтүстік Қазақстанға облысына сапары барысында айтылды.
Премьер-Министрдің орынбасары кәсіпорын директорының орынбасары Елена Губченкомен кездесіп, Сауда және интеграция министрлігінің өкіліне өндіруші өнімдерін экспорттау үшін екі елдің сауда ведомстволары арасында байланыс орнатуды тапсырды. «Avagro» зауыты 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығына арналған бүріккіштер шығара бастады. Оның қуаты – жылына 600 техника, ал былтырғы жылғы өндіріс көлемі 4,6 млрд теңгені құрады.