АЭС құрылысына қатысты сауалнама жүргізілді
Атом электр станциясын салуды қолдайтын халықтың қарасы қалың.
Демократия институты жүргізген әлеуметтік зерттеуге 8 мың қазақстандық қатысып, оның 60% құрылысқа оң көзқараста екенін жеткізген. Ал 24% электр станциясын салу идеясына қарсылық білдірген. Қалған 14 пайызы таңдаудан тысқары қалған. Сондай-ақ сауалнамада «Сіз референдумға қатысуға дайынсыз ба?» деген сауал жолданған екен. Оған 41% қатысамын деп жауап берген. 17% қалыс қалмауға тырысатынын, дәл осынша жұрт мүлде қатыспайтынын жеткізген. Ал 19% шешім қабылдамағанын, 4 пайызы жауап беруге қиналатынын айтқан. Бұған қоса, АЭС салу ісін қолдай отырып, алаңдайтынын жеткізгендер де болған.
Сандуғаш Қасымсейтова, Демократия институтының сарапшысы:
- «Қазақстандағы АЭС салудағы негізгі сіздерді алаңдататын сұрақтар бар ма?» деген сұрақ болды. Соған ең көп жауап берген, егерде пайыздық мөлшерде алатын болсақ, 49,5% халықтың, қазақстандықтардың денсаулыққа әсері деп белгеледі. Одан кейінгі кезекте 42,9% мөлшерде адамдар қоршаған ортаға әсері деп жауап берді.