АЭС салуды қолдау жөнінен штаб Қызылордаға барды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қызылорда қаласына барды.

Мұнда жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өтті. Штаб мүшелері атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылап, бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыс туралы хабарлады. Сондай-ақ, алдағы референдумға қатысудың маңызына тоқталып, халықтың көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Мамандар Сырдария ауданына да табан тіреп, ауыл тұрғындарымен тілдесті. Мұнда «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев халықты алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Болатын референдумның ерекшелігі - партия, басқа қоғамдық бағытқа бөлінбейді. Бір сұрақ бүкіл Қазақстан еліне қатысты. Осы референдумның мән-мағынасын, не жөнінде. Сұрақ қойылып жатқаны ерекше ғой. АЭС мәселесі. Ол бүгінгі күн емес, мыңжылдық ұрпаққа қатысты мәні бар. Сол үшін үлкен жұмыстар атқару керек, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.