Әскердегі сарбаз қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Соңғы кезде әскерде азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздар мен қызметтегі әскерилердің қайтыс болуы жиілеп кетті.

Келеңсіз оқиғалар ақпарат беттерінен түсер емес. Мәселен, бүгін ғана Абай облысы Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде қызмет атқарып жүрген офицер үйінен өлі табылғандығы жөнінде суыт хабар жетті..Алдын ала ақпарат бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Бүгін Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету төңірегінде атқаралып жатқан шаралармен бөлісу үшін қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұлан өкілдері журналистерге баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Енді осы темірдей тәртіп болу керек армияда оқыс оқиғалардың болуына не себеп? Әскерде келеңсіз жайттарды азайту үшін, тіпті болдырмау үшін жауаптылар қандай шараларды қолға алып жатыр? 

- Соңғы кезде әскердегі тәртіп мәселесі қоғамда өзекті проблемаға айналды. Мерзімді борышын өтеуге аттанғадар, қызмет етіп жүрген офицерлердің өлімі елді елең еткізбей қоймайды әрине. Осы ретте статистикалық мәліметтерге бір көз жүгіртсек, ол үшін мына ЛЭД экранға зер салайық.

Еліміздің әскери прокуратурасы мынадай ресми статистика берді. Сандарды сөйлетсек соңғы 3 жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Ал кейінгі 4 жыл ішінде 86 суицид тіркелген. 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. Бұның ішінде тек қана қарулы күштер ғана емес, сонымен қатар шекара қызметі, ұлттық ұлан сынды өзге де құрылымдар бар. Осыны ескеру аса маңызды. 

Әскердегі қайғылы оқиғалар

2021-2024 жж. – 270 әскери қызметкер қайтыс болды

2020-2024 жж. – 86 суицид

20 Әскери өз-өзіне қол салуға оқталған  

Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында «Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» - деген болатын. Негізі қорғаныс министрлігінің сөзінше, әскерилердің өліміне 90 пайыз жағдайда атқарып жүрген қызметі емес, өзге факторлар себеп. Яғни, жол-көлік апаты, түрлі аурулар мен отбасыдағы проблемалар. Ал армияда соңғы жылдары жарғыға сай емес қатынастар азайған – дейді, ведомство өкілдері.  

Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Егер статистикаға жүгінсек, онда ҚК соңғы 3 жылда жарғылық емес қатынастар негізінде жасалған қылмыстар саны 28 пайызға төмендеді. Жарғыға сәйкес емес қатынастар дегеніміз біздің халықта айтылатын дедовщина деген сөз. 2021 жылы 32-ден 23-ке дейін түсті. Барлығы 12 әскери қызметші сотталды. Ағымдағы жылы жарғылық емес қатынастардың 13 фактісі тіркелді.  

- Енді қазір қоғам қақ жарылып, бірі армияны қолдаса, енді бірі даттап жатыр. Бізге жалпы мерзімді әскери қызмет керек емес дейтіндер де бар. Осыған бір жауап бар ма?

Жалпы заң бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы ер жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттеледі. Оның ұзақтығы 12 ай. Жыл сайын әскер қатарына 20 мыңға жуық бозбала шақыртылады. Биыл күзгі шақырту науқаны қыркүйек айында басталды. Ол енді желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Осы аралықта қарулы күштердің қатарын 10 мыңға жуық боз бала толықтырса, 6 мыңнан астамы ұлттық ұланға жөнелтіледі. Ал шекара шебін күзетуге 3 мың 200 ер жігіт аттанады. Ал қалғаны төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде өз борыштарын өтейтін болады.

күзгі әскерге шақыру науқаны

қарулы күштер – 9 мың 933

Ұлттық Ұлан – 6 мың 822

ҰҚК Шекара қызметі – 3 мың 200

ТЖМ – 317

Мемлекеттік күзет қызметі – 290 

Осы ретте айта кету керек, ел арасында басым көпшілігі мерзімді қызметтің мүлдем керек еместігін айтып петиция жариялап жатқандар да бар. Яғни әлемнің алпауыттары АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Германия, Канада сынды елдердегідей келісім шарт негізіндегі қызметке ауыстыру керектігі көтерілуде. Бұған қорғаныс министрлігі не дейді?

Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Ол бүгінгі жағдайға ҚР-ның жағдайында тоқтатуға болмайды ол срочный службаны. Неге десеңіздер біріншіден ҚК мерзімді әскери қызмет арқылы ҚР-ның ер азаматтарын базалық дайындықтан өткізіп, қайтадан запасқа шығарып отырады. Егерде ҚР халқының басым көбі қолына қару ұстай алмайтын болса онда ел басына күн туған кезде кім келеді? Тез арада оларды кім дайындайды? Келісім шарт бойынша – ол жақсы, біріқ елімізге экономикалық тұрғыдан ауыр тиюі мүмкін.