АЭС жүз миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді
Атом электр станциясы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп ғана қоймай, жыл сайын 100 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Оған қоса жаңадан 10 000 жұмыс орны ашылуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облысына барған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері мен мәжіліс депутаттары айтты. Спикерлер Балқаш қаласында болып, тұрғындармен кездесті. Көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, энергетикалық нысанның қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бауыржан Смағұл, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Баламалы энергия көздерін дамыту маңызды. Күн мен желден қуат алуымыз керек. Бірақ ол тұрақсыз. Біз мұндай станциялардан қанша электр энергиясын алатынымызды дөп басып болжай алмаймыз. Сол үшін АЭС қажеттілігі туындап отыр. Әлем осы бағытта жүріп келеді. Көштен қалмаудың қамын жасау керек.