Биыл Абай облысында 1 млн тонна астық жиналады
Абай облысында астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Аймақта 746 мың гектарға дән себілген. Биыл өңірдегі егін алқабы 4 мың гектарға ұлғайды. Мамандар биылғы өнім көлемін 1 млн тоннаға жеткізуді көздейді. Қазір шамамен 500 мың гектар жерге орақ түскен. Бұған қоса, шаруаларға 9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Өңірде астықтың 68%-і жиналып болды. Күзгі жиын-терін науқаны әлі жалғасады.
Ербол Қуанышев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қоймалардың төрт элеваторы бар, лицензияланған. 197 мың тоннаға. Одан кейін 870 мыңдай өнім сыятын қоймалар бар. Сонда жалпы облыс бойынша миллион тонна өнімді сақтайтын орындар дайын тұр.