Сарыағаш аудандық шекара басқармасына 25 жыл толды
Түркістан облысында Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының 25 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Салтанатты шараға шекара қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен сала ардагерлері қатысты. Мерекелік жиында қызметте жоғары жетістікке жеткен әскерилер облыс әкімі мен Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының марапатына ие болды. Шара қонақтары концерт тамашалап, шекара қызметінің тыныс-тіршілігінен хабар беретін көрмені аралап көрді.