Үкімет аппаратының қызметкерлері Астанада жүз түп ағаш екті

Үкімет аппаратының қызметкерлері EXPO аумағында қылқан жапырақты ағаштардың 100 көшетін отырғызды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы азаматтарды біріктірген жасампаз бастаманың маңызын атап өтіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының жыл бойы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырған еді. Наурыз айынан бері елде 4 млн-нан астам тұрғынның қатысуымен 140-тан астам экологиялық шара өтті. 21 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазаланып, 5 мыңға жуық саябақ пен сквер абаттандырылды. 2,9 мың ағаш пен бұта көшеттері отырғызылды. 800-ден астам фонтан жөнделіп, 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналды.