Бала құқығы жөніндегі уәкіл оқушылар суицидіне қатысты жазба жариялады

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі суицидті насихаттайтын ақпаратты таратудың 22 фактісін тіркеп, оның он тоғызын жойды.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланғанын атап өтті. 11 айдың ішінде 111 байланыс орталығына өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1200-ден астам азамат хабарласқан. Басым бөлігі балалар. Жас жеткіншектердің біреуі зорлық-зомбылыққа тап болғаны анықталып, күдікті дереу ұсталды. Айта кеткен жөн, сенім телефонына 75 мың қоңырау келіп түскен.