Жетісу облысында мемлекеттік мекемелерге пандус салынды

Жетісу облысындағы 168 мемлекеттік мекемеге биыл пандус салынып, мүгедектігі бар жандарды көтеріп түсіретін құрылғы орнатылған.

Бірақ бұл мәселе әлі де өзекті. Себебі өңірдегі әлеуметтік нысандардың 40 пайызы қоларбамен кіруге қолайсыз.

 Жетісу облысында қоларбаға таңылған мыңға жуық адам тұрады. Олардың мүддесін қорғайтын мониторингтік топтың құрамында Вадим Друзин де бар. Белсенді жас кіріп-шығуы қиын мекемелерді анықтап, өзекті мәселені үнемі көтеріп жүреді. Себебі ғимараттардың көбінде пандус болғанымен жастарға қызмет көрсету орталығындағыдай қолайсыз екен. 

Вадим Друзин, қала тұрғыны:

- Темір тұтқалар адамның қолы жететіндей жақын болуы керек. Мына жерде мен ұстай алмай тұрмын. Сондықтан көтерілу қиын. Шақырту батырмасы істемейді. Осындай ғимараттарды анықтап, әлеуметтік қорғау департаментіне шағым түсіреміз. 

Мониторингтік топтың өтініші негізінде өңірдегі жүз шақты сауда-саттық және қызмет көрсететін нысандарға тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 60-тан астам мекемедегі пандус ретке келтіріліп, қоларбадағыларды көтеріп-түсіретін құрылғы орнатылған. Ал салғырт қарағандарға айыппұл салынды.  

Нұрбек Тұрғанов, қала тұрғыны:

- Бес жыл бұрын қол арбаға таңылған зағип жандарымыз кіріс-шығысымыз қиын болатын. Бес жылдан кейін салыстырсақ көп жерлер ыңғайлы. Кіріс шығысымыз. Скл Адам шақырып  көмек шақыратын қиындық туындамайды. Мемлекетіміз біздің дауысымызды естігеніне байланысты көптеген нысанға кіріп шыға алатын дәрежедеміз. 

Роза Ақжаркенова, "Ерлік" қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Бізде көбінесе кеудемізге бататынын малый средний бизнес. Олардың жасап отырған пандустары талапқа сәйкес келмейді. Соның бәрін көрсетіп, биылғы жылы 9 млн теңге штрафқа кіріп отыр олар. Скл Бізде қазір қалада 70 пайыз дайындық бар. Енді Құдай қаласа, тағы бір 15-20 пайызға көтерсек деп отырмыз. 

Межеге жету үшін биыл 591 млн теңге бөлінді. Қаражатқа 170 шақты мекеменің пандусы жаңартылып, қоларбадағылар қиналмай кіріп-шыға алатын болды.

Ермек Мизамбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әб басқармасының басшысы:

- Соңғы үш жылда 628 нысан 100 пайыз бейімдеуден өтті. Жалпы «Жол картасы» бойынша 1119 нысанды бейімдеуден өткізуіміз керек. Қалған 491 нысанды кезең кезеңмен адаптациялық кезеңнен өткіземіз. Нәтижесінде 2027 жылға дейін облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерді бейімдеуден өткіземіз. 

Пандустарды орнату үлкен мәселенің басы ғана, дейді «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Роза Ақжаркенова бастаған мониторингтік топ енді  мекеме ішінде де мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдайдың жасалуына атсалыспақ.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов