Астанада әлеуметтік нысандарға жылу ерте беріледі

Елордада әлеуметтік нысандарға жылу жылыту маусымы басталғанға дейін өздерінің өтінімдері бойынша беріле бастайды.

Бүгінде қалалық орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған. Бұл мектептер, балабақшалар, емханалар және басқалары. Ал тұрғын үйлерге жылу ауа температурасы 10 градус және одан төмендегенде беріле бастайды. Яғни әзір пәтерлерге жылу берілмейді. Синоптиктердің болжауынша, ертең және арғы күні елордада күн ашық, 10-12 градус аралығында жылы болады. 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл аймақта түнде температура 2-7 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс бөліктерде тұман түседі.