Қостанайда есірткі таратқан студент 11 жылға сотталды

Бұған дейін полиция облыс орталығында есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын.

Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4 курсында оқыған. Жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі. Тағы электронды таразылар, 240 мини-магнит, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Қара нарықта алынған партияның құны шамамен 100 млн теңге. Осылайша, полицейлер 15 мыңнан астам дозаның заңсыз айналымына тосқауыл қойды. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыстық Полиция департаменті заңсыз айналымнан 63 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.