Шымкентте ядролық реактордың қауіпсіздігі талқыланды
Шымкентте атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың тиімділігі талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.
Университет ұжымымен кездескен Парламент Сенатының депутаттары ядролық реактордың қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығы туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар алқалы жиынға қатысушылар энергетикалық сектордың мәселелерін түбегейлі шешуге жаңа қуат көзінің қажеттігін атап өтті. Ал энергия өндіруде уран әлдеқайда қауіпсіз және мол қуат көзі екеніне тоқталды. Жиналғандар көкейдегі көп сұраққа жауап алды.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Елдің энергетикалық қауіпсіздігі... Халықтың саны өскен сайын ТЭЦ, ГЭС-тердің барлығы тозығы жетті. Екібастұздағы жағдай былтыр көрсетті қандай жағдайда екенін. Осылардан құтылу үшін болашақ ұрпақ үшін жасалатын үлкен тірлік деп бағалаймыз.