Қостанай өңірінде 3,6 млн тонна астық жиналды

Қостанайлықтар 2 миллион 800 мың гектар алқаптың астығын орып үлгерді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – жалпы егістік көлемінің 60%-і. Жұмыс қарқыны жағынан оңтүстік аудандар алда келеді. Яғни, орақты аяқталуға жақын. Ал, солтүстік өңірге әлі екі аптадай уақыт керек. Ұзаққа созылған жауын-шашынның кесірінен шаруалар орақ науқанын жылдағынан кеш бастады. Дегенмен, өнім көрсеткіші гектарына орташа есеппен 13 центнерден айналды. Жайсыз ауа райы астық сапасына да әсер еткен. Бидайдың 60%-і үшінші класқа жатады.

Кенжеқозы Жұмандықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Жазғы жаңбырлар көп болғандықтан, мына егістіктің аурулары болды. Мына тат аурулары, септориоз ауруларға қарсы 834 мың гектар жерді өңдеді. Өңдегенге қарамай, бірақ мына осы аурулардың кішкене септігі болып жатыр.