Елімізде тасқыннан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды

Елде көктемде болған су тасқынының салдарын жою барысында бүгінгі күнге дейін 2576 үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында баяндады.