Мемлекет басшысы Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры 60 жасқа толды. Осы ретте Президент оның отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
Айта кету керек, Зенченко отбасы – елге үлгілі еңбек әулеті. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі. Серіктестік шаруашылық орналасқан Новоникольское елді мекенін көркейтіп келеді. Мұндағы тұрғындар үшін де барлық жағдайды жасаған.