Орал жастары АЭС салу мәселесін талқылады
Орал қаласында халықтық штаб өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуде.
Бүгін олар оралдық жастармен жүздесіп, АЭС-тың қоршаған ортаға және еліміздің экономикасына әсерін кеңінен талқылады. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясының жылу электр станцияларынан артықшылығы бар дейді. Сарапшы АЭС қоршаған ортаны ластамайды, ал оған жақын тұратын адамдар радиацияға ұшырамайды деп мәлімдеді.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
- Егер алтыншы қазан күні қазақстандықтар дауыс беріп, АЭС саламыз деп шешсе онда салатын төрт компанияға қандай шарт қоятынымызды білуіміз керек. Барлық мәселе сол шарттарды дұрыс қоя білуде. Әрине олар АЭС салынып болды делік. Олар бірінші отынды өздері алып келеді. Қалғаны өзіміздің уран шикізатын өндіріп отын жасайды. Егер солай болса, бұл ең арзан баға болатыны күмәнсіз.