Су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2576 үй салынды.
Құрылыс жұмыстары Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында небәрі 4 айда аяқталды. Ал, Ақмола және Батыс Қазақстан аймағында бірінші қазанға дейін жұмыстар жалғасады. Мұның сыртында баспанасыз қалғандар үшін 5 767 үй мен пәтер сатып алынды. Үкіметте су тасқыны салдарын жою мен алдын алу тетіктері пысықталды. Олжас Бектенов жедел желі жұмысын тоқтатпай, қалпына келтіру жұмыстары кезінде халықтың сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді тапсырды.
Су тасқыны салдарын жою мен халықты жан-жақты қолдау барысында кейбір тұрғындардың өтемақы мөлшеріне көңілі толмады. Шығынды есептеу, баспана таңдау мен жөндеу жұмыстарына қатысты да мәселелер болды. Дегенмен әр проблема жеке қаралды. Қысылтаяң кезеңде ешкім де ескерусіз қалған жоқ, - деді Үкімет басшысы. Зардап шеккендерді баспанамен қамту өңірлерде әлі де жалағсып жатыр. Қазір Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарында жөндеу жұмыстары бітуге жақын қалды. Қалған аймқатарда құрылыс жұмыстары аяқталды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қиын-қыстау кездегі адамдардың эмоцияларын түсінеміз. 01-58 Қабылданып жатқан шараЛар зардап шеккен әр отбасының пікірін барынша ескере отырып, іске асырыЛуда. Осы күнге дейін азаматтарда сұрақтар мен проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан әкімдіктерге жедел желі жұмысын тоқтатпай, жергілікті халықТың сұрақтарын шұҒыл қарап, шешуді тапсырамын.
Он облыста 224 елді мекен тасқыннан зардап шеккен еді. Су шайған 8 жарым мыңға жуық үй жарамсыз күйде қалды. 9 мыңнан астам үй қайта жөнделді. Өңірлерде құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай бойы жүргізілді. Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін 5 767 үй мен пәтер сатып алынды. Мүлкіне залал келген кәсіп иелеріне 10 млрд теңгеден астам төлем жасалды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Шаруаларға жарамыз қалған дәнді дақылдар мен мал шығынын өтеуге 3 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді. Олжас Бектенов апатпен күресуге қолдағы барлық ресурстар мен күштер жұмылдырылғанын атап өтті. Мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, белсенді азаматтар мен волонтёрлердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ауқымды жұмыс жүргізілді.
Енді тиісті қорытынды шығарып, зардаптың алдын алу жайын айқындау маңызды. Табиғи апаттар мен катаклизмдерге қарсы тұрудың тиімді жүйесін құру қажет.