Шымкентте АЭС құрылысының маңыздылығы түсіндірілді

Шымкентте медицина мамандарына атом электр станциясы құрылысының тиімділігі түсіндірілді.

Алқалы жиында Парламент Сенатының депутаттарынан құрылған штаб мүшелері энергетиктер мен экологтардың ғалыми дәлелдерін ұсынды. Айтуларынша елімізде энергияның 70% көмір электр станцияларынан өндіріледі. Бірақ халықаралық ұйымдар алдында, Қазақстан экологиялық тазалықты сақтау мақсатында мұндай қуат көзінен бас тартуға міндетті. Сондықтан сенаторлар дәрігерлерді референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Халықаралық міндеттемелеріміз бар Қазақстанның. Осы 2060 жылға қарай көмірден бас тарту туралы. Қазір Еуро Одақ осы көмір электр өнімін, электр көзін көмір арқылы пайдаланған өнімдерге салық салу туралы мәселені көтеріп жатыр. Жалпы бұл болашақтың мәселесі. Ал нағыз тұрақты, орнықты энергия ол атомдық электр станциясы.