Қызылорда – Жезқазған жолына асфальт төселіп жатыр

Қызылорда – Жезқазған жолының Қызылорда жақ бетіне асфальт төселіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Биыл 140 шақырымын пайдалануға бермек. Сөйтіп, Сыр елін Арқа өңірімен байланыстыратын күрежолға 3 қабат асфальт төселеді. Бүгінде асфальт жабындысының бірінші қабаты 150 шақырымға жетсе, екінші қабатының 135 шақырымы төселді. Ал ең жоғарғы қиыршықтасты-москитті асфальт көлемі – 60 шақырым. Сонымен қатар жол асты өткелдері мен қар тоқтату қалқандары қойылып жатыр. Кейбір учаскелерде жол жиегін нығайту жұмыстары басталған. Қызылорда – Жезқазған жолының сыр өңіріндегі бөлігінің ұзындығы – 192 шақырым. Мамандардың айтуынша, құрылыс 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталуға тиіс.

Ерсайын Мұзафар, «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Сапаның барлығын біз енді мердігермен бірге инженерлердің қадағалауында және өзіміздің жергілікті Ұлттық сапа орталығы бар, сол кісілердің қызметкерлерімен, лаборанттарымен, инженерлерімен осы инертті материалдардың кірістерін толықтай бақылап отырмыз. Сапасы бақылауда.