Алматы туристерді тарту бойынша көш бастады
Жарты жылда Қазақстанның қонақүйлері мен хостелдерінде шамамен 4 миллион адам тоқтаса, солардың төрттен бірі оңтүстік мегаполисте дем алуды жөн көрген екен.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес жергілікті қонақүйлер мен демалыс базалары шамамен 43 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, бұл көрсеткіш елордада екі есе аз.
Еске сала кетейік, өткен жылы Алматыға 2 миллион адам келген, бұл – соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Айта кету керек, оңтүстік мегаполистен кейін тартымды қалалар тізімінде Астана мен Шымкент тұр.