Елордада Astana Media Week апталығы басталды

Astana Media Week апталығының ашылуы контент-маркеттен басталды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл алаңда өңірлік телеарналар өз өнімдерін Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдеріне таныстыру мүмкіндігін алды. Түрлі панельдік сессияларда Масс-медиа туралы заң, медиа-этика, реновация, трансформация, медиа-экожүйе, журналист мәртебесі сияқты тақырыптар талқыланады. Салалық журналистикаға да баса мән берілмек. Медицина мен спорт журналистикасына қатысты шеберлік сабақтары өткізіледі. Тілшілерге арналған психологиялық интерактив пен қатысушылар арасында түрлі ұтыс-ойындары ойнатылады. Айтулы іс-шараға Норвегиядан, Португалиядан және ТМД елдерінен бірқатар сарапшы, тәжірибелі заңгерлер, медиа-сарапшылар қатысып жатыр.

Бибігүл Құламан, Astana Media Week ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Тағы да ерекшеліктерді айтатын болсақ, биыл қазақ тілінің деңгейіне қатысты медиа апталықта қозғап отырмыз. Қазақ тілінің деңгейін білу әр тілшіге маңызды болған соң біз бұқаралық диктант жариялап отырмыз. Диктантты оқитын өздеріңіздің әріптестеріңіз Мөлдір Доспаева.