Ақтөбе – Атырау бағытындағы айналма жол қолданысқа берілді
Ақтөбе мен Атырау облыстарын байланыстыратын республикалық дәліздің тағы бір бөлігі қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24kz.
Жүргізушілер асыға күткен ұзындығы 16 шақырым болатын Қандағаш қаласы маңындағы айналма жол ашылды. Енді транзиттік көліктерге аудан орталығына соқпай-ақ өтуге болады. Ақтөбе мен Атырау арасындағы күре жолды жаңарту жобасы үш жыл бұрын басталды. Қазір негізгі табанын төсеу жұмыстары толықтай аяқталды. Мердігерлер асфальттің жоғарғы қабатын салып, көлік дәлізі бойын абаттандыруға кірісті. Жалпы Ақтөбе – Атырау дәлізі жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Айбол Данағұл, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ОФ директоры:
- Келісімшартқа сәйкес кепілдік мерзімі екі жыл. Бірақ тәжірибеге сүйене отырып, мұндай жолдардың 10-15 жылға дейін қызмет ететіндігін сенімді айта аламыз.