Жедел жәрдем: бір де бір шақырту назардан тыс қалмайды

Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұны әлеуметтік желіде қате түсіндірілген.

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның ресми өкілі Әйгерім Оразалиеваның айтуынша, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациент шақырту санатына қарамастан көмек ала алады. Сонымен қатар жұмыс уақытында IV санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін медициналық-санитариялық бригадалар жұмылдырылады. Кеште және түнде, демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары тартылады. "Бір де бір шақырту назардан тыс қалмайды және қызмет көрсету сапасы одан әрі жақсарады" делінген хабарламада.