Бірқатар ауданда салынған жол сапасыз болып шықты

Елде жөнделіп жатқан 500-ге жуық жолдың сапасы тиісті бақылаудан өтпеген.

Көлік министрлігінің жаппай тексеруі нәтижесінде қыруар қаржы жұмсалған нысандардың денінде құрылыс нормалары сақталмаған болып шықты. Әсіресе Үржар, Мақаншы мен Жарма аудандарында салынған жолдар сапасыз. Бұл туралы сала мамандары хабарлады. Анықталған кемшіліктерді жоюға он күн беріледі. Орындалмаған жағдайда жауапсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылмақ. Биыл 4 мың шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі. Олардың  81 проценті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тексеруінен өткен. Жалпы Республика бойынша жөндеу жұмыстарына 408 миллард теңге бөлінді.

Ақнұр Қайратова, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы басшысының орынбасары:

- Барлық жолды біз бар, қоғам белсенділері, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы бар тексеріп жатырмыз. Бірақ өкінішке орай әкімдіктер тарапынан осы жұмыс дұрыс жасалмағандықтан. Тиісінше мән берілмегендіктен осылай ақсап жатады. Ең аяғында сапасыз жол, зардабын шегетін тағы да халық болады.