Павлодарда атом энергетикасының тиімділігі талқыланды
Заманауи технологияларға негізделген АЭС-тің экологияға зардабы аз және атомнан қуат көздерін өндіру арзанға түседі.
Павлодар ғалымдары еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың тиімділігі туралы сөз қозғады. Торайғыров университетінің ғалымдары облыс аумағында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Ғалымдар Қазақстанның бұл бағытта аз да болса тәжірибесі бар екенін алға тартты. Тоқсаныншы жылдары Ақтауда шағын атом электр станциясы болған екен. Еліміз ядролық қарудан бас тартқан кезде жабылып қалған. Биология ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Ержановтың айуынша әлемде атом электр энергетикасын пайдаланудың тың тәсілдері жетілдірілген. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.
Нұрлан Ержанов, Toraighyrov University ректорының міндетін атқарушы:
- Заманауи технологиялар атом электр станциясында барлық цикл бойынша отынды толық жұмсауға мүмкіндік береді. Яғни іс жүзінде қалдық қалмайды. Бұл жабық цикл. Сонымен қатар осы қалдықтарды болашақта қайта пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялар бар. Ал су ресурстарына келсек, өте қызықты жәйтқа тоқталғым келеді. Балқаш көлінің бетінен буға айналатын су мөлшерінің тек 0,3 проценті ғана пайдаланылады. Бұл көлдің су мөлшері мен көлеміне мүлдем әсер етпейді.