Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады
Кендірлі қалаға айналады, деп хабарлайды 24kz.
Маңғыстау облысындағы курортты аймақта Президент тапсырмасына сәйкес 40 мың адамға арналған жаңа шаһардың бас жоспары жасалды. Жаңа қала Жаңаөзеннен 65 шақырым жерде, Каспий жағасында бой көтереді. Іргесінен халықаралық әуежай орны белгіленді. Қазір курортты аймақта жиырмаға жуық демалыс орны жұмыс істейді. Алдағы уақытта бірнеше қонақүй, аквапарк, шипажайлар және демалыс-сауықтыру лагерьлері салынады. Жоба аясында Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты елді мекендерді тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін зауыт құрылысы басталды. Бұл зауыт іске қосылса, тәулігіне 50 мың текше метр су береді.
Орақ Аяпов, жобаға тапсырыс беруші компания өкілі:
- Президенттің Жолдауындағы тапсырмаға байланысты орындалып жатқан зауыттың құрылысы. Негізгі мақсаты – Жаңаөзен қаласының халқы мен ондағы кәсіпорындарды және Қызылсай, Теңге елді мекендердің барлық халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін. Осы жылдың аяғына дейін барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Және де қосу-реттеу, комплексное пробование, пусконаладка жұмыстарын келесі жылдың майдың аяғына дейін жүргіземіз.