Қазақстанның үш облысында 9 туристік орталық салынады
Алдағы бес жылда еліміздегі ұлттық парктерде 15 млн адам демалады. Оның төрт млн-ы сырттан келетін меймандар, деп хабарлайды 24kz.
2029 жылға дейінгі экотуризмді дамыту жобасы шеңберінде 800 мың жұмыс орны ашылады. Туризм министрлігінің салаға қатысты жоспары ауқымды. Ең алдымен визит орталықтарды көбейту керек. Әзірге жеті нысан мемлекет қаржысына салынды. Олар Ақмола, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Атырау облыстарында орналасқан.
Енді жеке инвестиция есебінен 5 трлн теңгеге Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан өңірлерінде 9 туристік орталық салынады. Қазір елде жалпы аумағы 2,7 млн гектар болатын 14 ұлттық парк бар. Қолданыстағы 16 визит орталықтың жетеуі осында жұмыс істеп тұр.