Қиын сәтте көмекке келетін орталық
Алапат өрт, су тасқыны, көлік апаты.
Бұлар көп адамның зардап шегуіне әкеп соқтыратын төтенше жағдай мен оқыс оқиғалар. Мұндайда зардап шеккендерге жедел медициналық және психологиялық көмек қажет. Осындай жауапты әрі маңызды жұмыспен Апаттар медицинасы орталығы айналысады. Мамандардың жедел әрекеті – жай ғана жедел жәрдем емес, экстремалды жағдайдағы медициналық көмек. Биыл осы орталыққа 30 жыл толды. Ерекше мақсаттағы дәрігерлер қиын-қыстау кезде әрекет етуге машықтанған. Басқа мамандар қауқарсыз кезде көмекке келетін қызметкерлер туралы тілшіміз баяндасын.
Апат айтып келмейді. Оларды болжау да оңай емес. Апаттар медициансы орталығының жұмысы қашан да қауырт. Мекеменің Астана қалалық бөлімшесінде 47 адам жұмыс істейді. Оның 27-сі үш аусыммен 24 сағат бойы кезекшілік атқарады. Себебі кез келген сәтте азаматтарға көмек қажет болып қалуы мүмкін.
Сәуле Исабек, бригада дәрігері:
- Анау-мынау көліктер жетпейтін жерге біздер жетуге тырысамыз. Біздің мынау басқа медициналық қызметкерлерге қарағанда көбінесе айтарым біз экстремалды түрде жұмыс жасаймыз. Мынау жабық жерде емес, басқа жерде емес, жылы жерде емес, біз экстремалды түрде, тез, табандылықпен, жылдам шешім қабылдап, салқынқандылық білдіріп, маңыздысы, жедел медициналық көмек, психологиялық көмек көрсету болып табылоады біздікі.
Ал 20 адам трассалық құтқару пунктерінде қызмет атқарады. Ондай орындар республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналкасқан. Егізгі мақсаты жол-көлік апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету. Сонымен қатар, қыс кезінде жолда қалғандарды құтқаруға міндетті.
Жанат Әубәкіров, қалалық апаттар медицинасы орталығы басшысының орынбасары:
- 2019 жылы жолдың бәрі жабылған кезде біздің высокопроходимый техниканың арқасында біздің бригада шығып, сол станцияда бірнеше кісіні құтқарды. Қалаға жеткізді. Оның арасында аяғы ауыр бір кісіге көмек көрсетілді. Роддомда екінші күні сол кісі босанды.
Жыл сайын қалалық бөлімше қызметкерлері 350-ден астам шақыртуға шығады. Орта есеппен жылына 200-ге жуық адамға көмек көрсетеді. 30 жылдан бері Апаттар медицинасы орталығының мамандары күрделі әрі маңызды міндеттерді абыроймен орындап келеді.
Серік Селеубайұлы, Наурызбай Құрманғазы