Ораз Жандосовтың туғанына 125 жыл толды
Алматыда «Қайраткер Ораз Жандосов: өмірі және қоғамдық саяси қызметі» кітабының тұсаукесері өтті.
Биыл Ораз Қиқым-ұлының туғанына 125 жыл толып отыр. Басылымда қайраткердің саяси өмірі туралы мақалалар, зерттеулер жинақталған. Ұлттық кітапханада өткен конференцияға қатысушылар оның «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақаларымен де танысты. Бүгінгі ұрпақ Жандосовтың, керемет публицист болғанын, біле бермейді, дейді тарихшылар. Ораз Жандосов мемлекеттік басқару жүйесін, ұлттық мәниетті көркейтіп, оқу-ағарту саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Елі үшін еңбек еткен тұлға халық жауы атанып, інісі Оразалы Жандосов екеуі 1938 жылы атылды.
Раиса Жандосова, Оразалы Жандосовтың қызы:
- Зорлықпен институтқа түстім, ЖенПИ-ді бітірдім. Сөйтіп, 1957 жылы ақталған деген қағаз келгенде көзіміз ашылды шыны керек. Кім жақсы? Ойбай Раиса Оразалықызы жақсы, мен жақсы болып шықтым ғой. Жәй мұғалім болып тұрған адам мені кафедра меңгерушісі етіп бестен он жыл кафедра меңгерушісі болып істедім.
Елдос Тоқтарбай, алаштанушы-ғалым:
- Біз бұған дейін Ораз Жандосовты тек қана қайраткер есебінде мемлекеттің негізін қалаған, советтік Қазақстанның бастауында тұрған тарихи тұлға ретінде ғана көреміз. Ал бұл кісі шын мәнінде үлкен публицист болған, кәдімгі жазушы болған. Бұл кісінің жазған дүниелерінде, публицистикалық мұраларында ұлт тарихы, елдің прогрессивтік дамуы туралы материалдар бар.