Алматыда оқушылар арасында пікірсайыс турнирі басталды
Алматыда оқушылар арасында аймақтық пікірсайыс турнирі ашылды, деп хабарлайды 24kz.
«Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбын арқау еткен дебаттың мақсаты – оқушыларды білімге, шешендік шеберлікке баулу, патриоттыққа тәрбиелеу, жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру», - дейді ұйымдастырушылар. Пікірсайысқа қатысушы командалар – жекеменшік мектептің игілігі неде? Кері тұстары қандай?
ChatGPT сияқты нейрожүйлердің пайдасы мен зияны сияқты бірнеше тақырып төңірегінде дәйекті ойларын ортаға салды. Аймақтық пікірталас турнирлері 28-29 қыркүйекте республикалық маңызы бар қалаларда және барлық облыстарда өтеді. Жеңімпаз командалар Республика күні қарсаңында Астанада өтетін алғашқы Ұлттық пікірсайыс турниріне қатысады.
Қуаныш Шонбай, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Дебаттың мәдениеті, маңыздылығы – дәйекті, аргументпен, дәлелмен сөйлеу. Осы қабілетті игеру. 25 жыл бұрын осы балалар сияқты дебатқа қатысып, осы мәдениет маған қатты көмектесті деп ойлаймын. Өйткені неге? Саясатта болсын, кәсіпте болсын өзіңнің ойыңды дәйекті түрде жеткізу деген бұл өте керемет нәрсе негізі, бұл – қабілет.