АЭС – тұрақты қуат көзі

Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау - экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтік салаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға оң әсер ететенін атап өтті.

2030 жылға қарай Қазақстанда электр қуатының тапшылығы сағатына 13 млрд киловатттан асуы мүмкін. Ал АЭС бұл мәселені түбегейлі шешеді. Көкшетаулық ардагерлер және өрт сөндірушілермен кездескен халықтық штаб өкілдері осылай деді. Олардың сөзінше, елімізде қуат көзін қалыптастыруға бүгіннен бастап қам жасау керек. Сондықтан энергия өндіру саласындағы жоба өте маңызды. Штаб өкілдері жиналғандарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жыл сайын электр энергияға сұраныс 3 пайызға өседі екен. Сондықтан біздің елімізге электр энергия жетпей жатыр. АЭС-ті салсақ ең бірінші Қазақстан өзінің тұрақты электр энергияның проблемасын шешеді.