АЭС салуды қолдау штабы ШҚО-ға барды
Атом электр станциясының құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Шығыс Қазақстан облысына барды.
Өскемендегі еңбек ұжымдарының өкілдерімен және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Онда Атом электр станциясының экологиялық қауіпсіздігі және атом өнеркәсібі үшін отандық мамандарды даярлау қажеттілігі туралы айтылды. Штаб мүшелері ядролық генерацияның экономиканың жаңа салаларын дамытуға мүмкіндік беретініне кеңінен тоқталды.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өздеріңіз көріп отсыздар, қоғам қолдап отыр. Өйткені АЭС салу бұл еліміз үшін тек қажетілік қана емес, сонымен бірге жаңа технологиялық цикл болып саналады. Жаңа экономикалық сфера мен жаңа мамандықтар пайда болады. Ең негізгісі Қазақстанның экономикасын басқа бір деңгейге өткізудің үлкен бір қадамы.