Ұлытауда 114 жастағы қария тұрады
Қазақстандағы ең қарт адам Ұлытау облысында тұрады.
Деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады. 114 жастағы Түймегүл Темірбаева Жамбыл облысы Жайылма ауылында туған екен. Анасынан небәрі 3 жасында жетім қалған. Апамыз есейген кезде тағдыр жазып, 1932 жылы Жаңаарқадағы Жеңіс ауылына көшіп барған. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген кейуана қазір Қызылжар ауылында кенже баласының қолында тұрады.