Жаңаарқада 15 жылу қазандығы жаңартылды
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы жылу беру маусымына дайын, деп хабарлайды 24KZ.
Әбден тозығы жеткен 3,2 шақырым магистральдық құбыр жаңартылып, жаңадан 15 шағын жылу қазандығы қойылды.
Өңірде жылу маусымы 10 қазанда басталады. Дегенмен жауапты кәсіпорын мамандары: «Күн салқындаған жағдайда әлеметтік нысандарға жылуды ертерек береміз», – дейді.
Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде әлеуметтік нысандардан бөлек 102 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне қосылған. Оларға 7 автономды қазандық қызмет көрсетеді. Өткен маусымда жылу тапшылығы сезілген соң биыл тағы бір шағын жылу орталығы салынды. Мұндағы 4 қазандық 40 мың шаршы метр аумақты жылытуға қауқарлы. Аудан әкімі Қанат Қожықаев: «Жылу беру маусымына дайындық кезінде өткен маусымда кеткен кемшіліктерді негізгі алдық», – дейді. Яғни, жылу құбырының ең тозығы жеткен бөлігі жаңартылды. Бұл жұмыстарға аудан қазынасынан 325 млн теңге жұмсалды.
Қанат Қожықаев, Жаңаарқа ауданының әкімі:
- Жалпы 3 автономды жылу орталықтарын, оның ішінде 6 локалды қазандықты және 3,2 шақырым магистралды жылу желілерін ауыстыру жоспарланған болатын. Одан бөлек, дербес су алу үшін қосымша біз қазандықтарға ұңғыма қаздық. 15 жылу беретін қазандықты айырбастадық. Бүгінде бұл жұмыстардың бәрі толық атқарылып шықты.
Жылуға жауапты кәсіпорын қазір отын қорын жасақтауға кіріскен. Әзірге 1,5 мың тонна көмір жеткізілді. Аталған мекеменің бас инженері Жарқын Имашев: «Бұл бастапқы кезеңге жеткілікті», – дейді. Ал жалпы қажеттілік – 20 мың тонна. Өңірде жылыту маусымы 10 қазанда басталады. Дегенмен күн суытса, әлеуметтік нысандарға жылу мерзімінен бұрын беріледі.
Жарқын Имашев, жылумен қамту кәсіпорнының бас инженері:
- Қазір «опрессовка» су жылу құбырына жіберіліп тұр. Көпқабатты үйлердің тұрғындарының пәтерлеріне ескерту беріліп, ол кісілер аққан жерлері болса, үйдің ішін дайындап жатыр.
Жылумен қамтитын мекеме коммуналдық меншікте. Отын тасымалдайтын техникалары мен қазандықтардың негізгі жабдықтары тозған. Сондықтан келе жылы кәсіпорын «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына қатысуға ниетті.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев.