Туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті
Ат туризмі денсаулықты жақсартуға және табиғатпен байланысты нығайтуға қалай әсер етеді? Қазақстандық жас саяхатшылар осындай зерттеу жүргізді, деп хабарлайды 24kz.
Оның нәтижесін «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінде таныстырды. Елдің әр өңірінен байқауға келген 180 жас өрен туризм саласында қарым-қабілеттерін сынады. Қатысушылар Алматы оқушылар сарайының лагеріне жайғасып, шыңға шығу, табиғатта бағыт-бағдарды анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсетуден жарысты. Сондай-ақ домбыра немесе гитараның сүйемелдеуімен туристік әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. Слеттің мақсаты – балалар мен жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятып, патриоттық және азаматтық сана-сезімді қалыптастыру.