Бас прокурор: жол апаты 90%-ға көбейді
Қазақстанда жолдағы апаттар саны 90 пайызға өскен.
Бұл жөнінде еліміздің бас прокуроры Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазлды. Оның мәлімдеуінше жол-көлік оқиғаларынан көз жұму деректері де артқан. Бұндай жағдайлар Батыс, Шығыс Қазақстан облыстары мен Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау өңірлері және Шымкент қаласында көбейген. Осы ретте Берік Асылов прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы оның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.