Ақылы жолдарда қозғалыс қарқыны жоғары

Елде ақылы жолдардағы қозғалыс қарқындылығы артты.

Жыл басынан бері көлік жүргізушілері бұндай учаскелер арқылы 39 млн рет жүріп өткен. Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ең көп қатынайтын бағыт - ол Шымкент-Өзбекстан шекарасы болды. Бұл жол арқылы 6,5 млн-нан астам сапар тіркелген. Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын бұл маршрут транспорттық дәліздің маңызды бөлігі, әрі екі ел арасында экономикалық байланыстың дамуына маңызды. Сондай-ақ жүргізушілер Алматы-Қонаев, Шымкент-Тараз, Астана-Теміртау бағытында да көп қатынайды екен.

Қозғалыс қарқындылығы жоғары ақылы жолдар

  1. Шымкент — Өзбекстан шекарасы: 6,6 млн сапар
  2. Алматы — Қонаев: 4,8 млн сапар
  3. Шымкент — Тараз: 4,4 млн сапар
  4. Тараз — Қайнар: 3,6 млн сапар
  5. Шымкент — Қызылорда: 3,3 млн сапар
  6. Астана — Теміртау: 2,9 млн сапар
  7. Қонаев — Талдықорған: 2,7 млн сапар
  8. Астана — Щучинск: 2,5 млн сапар
  9. Щучинск — Көкшетау: 1,9 млн сапар
  10. Астана — Павлодар: 1,7 млн сапар
  11. Алматы — Қорғас: 1,6 млн сапар
  12. Көкшетау — Петропавл: 1,1 млн сапар
  13. Павлодар — Семей — Қалбатау: 887 мың сапар
  14. Орал — РФ шекарасы (Самараға): 637 мың сапар
  15. Павлодар — РФ шекарасы (Омбыға): 590 мың сапар
  16. Орал — РФ шекарасы (Саратовқа): 363 мың сапар
  17. Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы): 152 мың сапар