Жетісу облысында референдум күні 463 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Соның 40 шақтысы жабық мекемелерде ашылады.
Тұрғындардың таңдау жасайтын нысандары тиісті құралдармен жабдықталып, сақадай сай тұр. Референдумның заңға сай өтуін 1200-ден аса қоғамдық бақылаушы қадағалайды. Үкіметтік емес ұйым өкілдері осыған дейін арнайы оқудан өткен. Аймақ бойынша саяси науқанға 442 мыңнан аса адам қатысу құқығына ие. Солардың 26 мыңға жуығы Көксу ауданында тұрады.
Нұрлан Байғабылов, Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бізде 38 учаске бар. Оның ішінде екі отгондық учаске бар. Малайсары және Қақпақты. Екі жабық учаскесі бар. Ол аудандық аурухана және аудандық полиция бөлімі. Қазіргі таңда учаскелік сайлау комиссиялары толыққанды референдумға дайын.