Қызылордада әлеуметтік нысандар ашылды

Қызылордада алғашқы «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді.

900 оқушыға шақталған білім ұясында зертханалық және пәндік кабинеттер заманауи үлгіде жабдықталған. Басқа мектептерден ерекшелігі - мұнда үш спорт залы бар. Жалпы биыл облыс бойынша тағы 10 «Жайлы мектеп» салынып жатыр. Сонымен қатар қала күніне орай үстөл теннисі орталығы ашылды. 350 көрерменге арналған залда бір мезгілде 32 спортшы жаттыға алады. Ал Оқушылар сарайында түрлі салада 51 үйірме жұмыс істейді. Ерекше сәулет үлгісінде салынған кешенде техноорталық, бағдарламалау, робототехника кабинеттері, зертханалар, телестудия, жылыжай мен обсерватория бар.

Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Ғылыми жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытумен қатар 3Dжоспарлау, модельдеу, сонымен қатар атом электр энергиясын жаңғырту, будандастыру секілді үйірмелердің жұмыс жасайтынын көруге болады.