Астанада Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті

Іс-шара "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған.

Жиынға  қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері қатысып, ортақ жобаларды талқылады.

Қайрымыдылықтағы ерекше бағыттардың бірі - инклюзия. Ұлттық қайырымдылық конференциясында осы тақырыпқа егжей-тегжейлі тоқталды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 1 100 бала жыл сайын Қазақстанның 23 қаласында бейімдеу және спорт секцияларына тегін барады. Бұл Самұрық-Қазына" қорының бастамасы. Сондай-ақ қор 43 оңалту орталығы мен көп функционалды спорт кешендерін салуға қаржы бөлген. 

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы:

- Қайырымдылық бағыты "Самұрық-Қазына" үшін өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ биыл біз бұл бағытқа 36 миллиардтан астам қаражат бөлдік. Оның ішінде 22 млрд теңге біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бөлдік. Одан басқа жалпы біз биыл 500 мыңнан астам адамға көмек көрсеттік.

Бұл бағытта қайырымдылық қорлары мен бизнес және жергілікті билік органдары қоян-қолтық жұмыс істеуі маңызды.

Болат Жәмішев, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрағасы:

- Халықтан  қаражат тұрақты түрде түсіп тұрады. Әуежайларда Қазақстан халқына қорының QR коды бар. Сол арқылы азаматтар қайырымдық жасап, ақша аударады. Жақсы іске бизнес өкілдерімен қатар, қарапайым адамдардың қатысуы бізді шабыттандырады. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге күш біріктіру өте маңызды. Осы бағыттағы еңбегі үшін "Samruk-Kazyna Trust" компаниясына алғыс айтамыз.

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы ұжымындағы мүгедектігі бар азаматтар санын арттыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта олардың жалпы саны 3 мыңға жетеді. Ал компания серіктестері "Samruk-Kazyna Trust" бірыңғай қайырымдылық операторымен бірлесіп іске асырылатын  жобаларға қатыса алады.

Ғазиза Мұхамеджанова, Саят Башимов