Шымкентте бу-газ қондырғысы іске қосылады

Шымкентте бу-газ қондырғысының құрылысы үшін жер телімі бөлінді. 

Жоба құны 700 миллион АҚШ доллары. Энергетикалық станса қаланың оңтүстік-батыс аумағында бой көтереді. Бұл аумақта мемлекет басшысының тапсырмасымен мультимодальды орталық құрылуы керек. Сауда-логистикалық кешенді дамытуға электр энергиясына деген қажеттілік артады деген болжам бар. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бу-газ қондырғысы сағатына 500 мегаватт-қа дейін электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Нысан құрылысын туркиялық компания жүргізеді. Стансаны 2027 жылға дейін іске қосу жоспарланған.  

Ризабек Меңдіқұлов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда бізде Энергоорталық-3 дейтін бар. Оның қуаттылығы 120 мегаватт. Қосымша біз Екібастұздан, Шардара ГРС тағы басқа ТЭЦ-тан қосымша электр энергия аламыз. Үкіметтің жоспары Бейнеу-Бозай-Шымкент екінші нитка құрылысы 2027 аяқталады. Соған дейін біз бу-газ қондырғысын аяқтау керек.